Атырау: «Petrоfak Limited» британдық компаниясы ескі мұнай кен орындарына қызығушылық білдірді

2013 жылғы 18 тамыз, 12:01
Атырау: «Petrоfak Limited» британдық компаниясы ескі мұнай кен орындарына қызығушылық білдірді

АТЫРАУ. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Атырауда «Petrоfak Limited» британдық компаниясы ескі мұнай кен орындарына қызығушылық танытты.

Компанияның «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ескі мұнай кен орындарын бағалауға қатысуы және кейіннен оларды іске қосу мүмкіндігі туралы «Petrоfak Limited»-тің бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Джонатан Попперс облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен болған кездесуде мәлім етті.

Кездесу барысында әңгіме сондай-ақ, өзге де жобалар, бірінші кезекте сервистік қызметтер көрсету саласында ынтымақтасу мүмкіндіктері туралы болды.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar