Атырау перзентханасында жас босанған аналар дауыс берді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қалалық перзентханасында жас босанған аналар дауыс берді. Қазір мұнда 90 ана жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қалалық перзентханасындағы №80 учаскеде 90 ана дауыс беруге тіркелген. Жергілікті уақытпен сағат 7:00-де бірінші болып Гаухар Бұзаубекова дауыс берді. Ол осы перзентханада үшінші сәбиін 9 жылдан соң босаныпты. Перзентханадағы референдум комиссиясы Гаухар Бұзаубековаға бала күтіміне арналған жиынтықты сыйға тартты.

Сондай-ақ, тұңғышын өмірге әкелген Кәмшат Қайратова да перзантханадағы учаскеде өз таңдауын жасады.

«Мен бүгін дәрігерлердің көмегімен тұңғышымды дүниеге әкелдім. Дәл бүгін, елімізде отандастарым тарихи таңдауын жасайтын ең елеулі күні өмірге келген тұңғышымның болашағы жарқын боларына сенемін», - дейді Кәмшат Қайратова.

Бүгін, 5 маусымда сағат 00.00-ден таңғы 7.00-ге дейін Атырау қалалық перзентханасында 5 жас ана босанды. Өмірге келген сәбидің бесеуі де – қыз.

Айта кетейік, облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметіне сүйенсек, 261 референдум учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Ал, ауруханалар, уақытша қамау орындары мен әскери бөлімшелерде 11 жабық учаске ашылған.

Бұдан бұрын Атырау облысында референдумда дауыс беретін 400 мыңға жуық адам тіркелгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар