Атырау перзентханасында 25 жастағы келіншек көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау перзентханаларының бірінде 25 жастағы жүкті әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 қыркүйек күні сағат 9-дар шамасында 103 нөміріне қоңырау түскен. Жүктіліктің 38-39-шы аптасында жүрген келіншек өзін нашар сезініп тұрғанын айтқан. Науқас шұғыл түрде облыстық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әйел адамның өліміне әкеп соққан себептер туралы аталмыш дерек бойынша жүргізілген тергеу амалдары аяқталған кезде хабарлайтын болды. 

Соңғы жаңалықтар