Атырау перзентханасына шала туған нәрестені жетілдіруге арналған құрылғылар берілді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қалалық перзентханасына шала туған нәрестені жетілдіруге арналған құрылғылар берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық перзентханасының директоры Гүлзинеп Дүсіпованың айтуынша, заманауи құрылғылар – шала туған балалардың қарқынды терапиясына арналған инкубатор және ашық реанимациялық жүйе.

«Бұл құрылғыларды туған нәрестелерді емдеуге пайдалануға болады. Нақтысында мұндай медициналық жабдықтармен кемінде 1 350 баланың өмірін сақтап қалуға жол ашылады. мүмкіндік береді. Өйткені, біздің перзентхана Атырау қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің ІІ деңгейіне жатады. Босануы қиын жүкті аналар біздің перзентханаға жіберіледі. Жүкті аналарға жедел және сапалы медициналық көмек көрсету үшін туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі реанимациялық жабдыққа зәру болатын. Енді біздің неонатолог-дәрігерлер мен реаниматологтар өмірге келген нәрестелерге күтім жасауға, функционалдық денсаулығын сақтауға көмектесетін заманауи жабдықтар жиынтығымен жұмыс істейді, -дейді Атырау қалалық перзентханасының директоры Гүлзинеп Дүсіпова.

Оның мәліметіне сүйенсек, аталған қалалық перзентханасының жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі жыл сайын 270-тен астам баланы қабылдайды. Бұл бөлімшеге берілген заманауи медициналық жабдықтар демеушілік көмекпен алынған. Жаңа жабдықтардың құны – 9,5 млн теңге.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Президент тапсырмасына сәйкес Атырауда жедел жәрдем стансасына 20 жаңа көлік берілгенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар