Атырау өңірінде қатерлі ісік ауруы «жасарып» барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау өңірінде ісік ауруы «жасарып» барады. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экологияның бұзылуы адам баласының денсаулығына теріс әсер ететінін білеміз. Онкология ауруларына келер болсақ, менің мәліметімше Атырау облысы бірінші орында емес. Республика деңгейінде орташа немесе одан да төмен. Соңғы 2-3 жылда 100 мың адамға шаққанда бізде онкологиялық көрсеткіштердің жасарып бар жатқанын да біліп отырмыз. Әрине, бұл облыс бойыша үлкен мәселе», - деді Атырау облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Өңір басшысының дерегінше, Атырау облысында онкологиялық ауруға шалдыққан 4 100-ден астам адам бар.

«Оның үш мыңнан астам емдеуден өткен. Ауруға қарсы күрес ұймдастыру бағытында қазір рентген аппараттары, цифрлық момографтар, КТ-аппараттары, МРТ-аппараттары бір жүйеге қосылды. Бұл жүйе онкологиялық ауруды ерте сатыда анықтап, науқасты дер уақытында емдеуге мүкіндік береді», - деді Махамбет Досмұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар