Атырау облысының жолдарында 272 ақау анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы автокөлік жолдарында 272 ақау анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Б.Мұқашовтың мәліметінше, жыл басынан бергі 10 айда республикалық маңызы бар жолға 711, ал, жергілікті жолға 164 рет тексеру жүргізілген.

«Тексеру кезінде Атырау облысындағы жолдарда 272 ақау анықталды. Оның ішінде 207 ақау республикалық тас жолдарда, ал, 65-і жергілікті маңыздағы жолдарда табылды.

Республикалық жолдарда 64 ақау жойылғанмен, әзірге 143-і орындалмай отыр. Жергілікті жолдардағы 16 ақау қалпына келтірілді», -дейді Б.Мұқашов.

Оның айтуынша, жол құрылысына қолданылған материалдардан 1 166 сынама алынған.

Сынамалар арнайы зертханада сынақтан өткізілген.

«Соның нәтижесінде республикалық жолдардан алынған 15 түрлі құрылыс материалының сапасы мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтіні анықталды. Жергілікті жолдардан алынған 103 материал да стандартқа сәйкес болмай шықты. Анықталған ақауларға байланысты Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 7 ұсыным-хат жолданды. Сондай-ақ, 2 техникалық қадағалаушының аттестаты 6 айға тоқтатылып, 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды», -деп мәлім етті Б.Мұқашов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудан Ресейге шығатын жолды жөндеу қалай жүріп

жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар