Атырау облысының тұрғыны пластик ыдыста есірткі өсірген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының тұрғыны үйінде пластик ыдыста есірткі өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл дерек Мақат ауданында анықталған.

«Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 қарашада «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді тұрғылықты мекен-жайында заңсыз өсірген 39 жастағы тұрғынды анықтады. Мақат ауданында тұратын күдікті үйінде пластик ыдыста есірткі өсімдігін өсіріп келген» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру дерегімен ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында қарасора өсіретін плантация жойылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар