Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Атырау облысының тұрғыны иен далада екі күн бойы адасып жүрген

2019 жылғы 25 қаңтар 08:29 807
Бөлісіңіз:
Атырау облысының тұрғыны иен далада екі күн бойы адасып жүрген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының тұрғыны иен далада екі күн бойы адасып жүрген. Жоғалған ер адамды іздестіру жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды «МГ»-ға сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» ХАА.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жастардың «Жаңа толқын 100+» атты форумы өтті Алматының 8 шағын ауданында жаяу жүргіншілерге арналған аймақ салынады

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдемесі бойынша, 22 қаңтар күні сағат шамамен 14:00-де 50 жастағы ауыл тұрғыны «УАЗ» көлігімен малға шығып, содан үйіне оралмаған.

«Алайда туыстары ер адамның жоғалғаны туралы ТЖД кезекші қызметіне тек 23 қаңтар күні сағат 21:17-де хабарлаған. Іздеу жұмыстары сол күні кешке басталды, бірақ күн батып, қатты бұрқасын болуы салдарынан тоқтатылған», - деп баяндады ТЖД баспасөз қызметінен.

24 қаңтар күні сағат 9:00-де іздеу жұмыстары қайта басталды. Оған ТЖД-нің бес құтқарушысы, бір арнайы техника, Индер АІІБ-нің төрт полиция қызметкері, бортында экипаждың төрт мүшесі және ТЖК-нің «Батыс аймақтық аэромобильді құтқару жасағының» екі қызметкері болған «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның «МИ-8МТВ UP-MI844» тікұшағы жұмылдырылды.

Жоғалған ер адам сағат 15.36-да Жарсуат ауылынан 70 шақырым жерде табылды. Оның жағдайы қалыпты деп бағаланды, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - деп нақтылады ТЖД баспасөз қызметінен.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Оқиға, Атырау облысы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT