Атырау облысының тұрғындарынан Call орталыққа 300 мыңнан астам қоңырау түскен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының тұрғындарынан төтенше жағдай енгізілгелі бері Call-орталыққа 300 мыңнан астам қоңырау түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атырау облысы әкімі аппаратының 109 Call-орталығында 32 оператор жұмыс істейді.

«Атырау облысының тұрғындарынан Call-орталыққа коменданттық сағатқа байланысты шектеулер, ережелер, блок-посттан өту шарттары туралы сауалдар қойылған. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар нысандардың, мемлекеттік органдар мен коммуналдық мекемелердің жұмыс кестесі, әуе және теміржол бағыттары, азық-түлік, жанар-жағар май бағасы, интернет желісіне қатысты мәселелер қамтылған», -деп мәлім етті өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы тұрғындарының алаңдауына еш негіз жоқ

екенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар