Атырау облысының тұрғындары Президент Әкімшілігіне 173 өтініш жолдаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысынан биылғы 9 айда ҚР Президент Әкімшілігіне 173 өтініш түскен. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша атқарылған жұмыстар талқыланған отырыста белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Жандос Бөлекбаевтың мәліметінше, биылғы 9 айда жергілікті атқарушы органдарға 27 165 өтініш жолданған. Оның ішінде жеке тұлғалардан – 22 449, заңды тұлғалардан – 4 716 өтініш.

«Сондай-ақ, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылғалы 7 218 өтініш өңделіп, 6 254 хатқа жауап берілді. Осы кезеңде облыс тұрғындарынан Президент Әкімшілігіне 173, Премьер-Министрдің Кеңсесіне 45 өтініш түскен. Бұл өтініштер облыс әкімдігіне қарауға жолданып, жан-жақты зерделенді. Өтініш иелеріне тиісті жауап берілді», - дейді Жандос Бөлекбаев.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласы мен аудандардың әкімдерінен, басқарма басшыларынан азаматтардың хатын сапалы қарап әрі мерзімінде жауап беруді талап етті.

«Азаматтардың өтініштерін, арыз-шағымында көтерген мәселесін қарауда жауапкершілік пен тәртіпті күшейту керек. Әр тұрғынға сапалы әрі уақытында жауап беруді қамтамасыз ету қажет», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының тұрғындары меморгандарға қандай мәселемен жүгінетіні хабарланған едік.


Соңғы жаңалықтар