Атырау облысының тұрғындары меморгандарға қандай мәселемен жиі жүгінеді

None
None
АТЫРАУ. Нұр-Сұлтан - Атырау облысында 2020 жылы жергілікті атқарушы органдарға 6354 жазбаша өтініш келіп түскен, оның 4944-і жеке тұлғалардан, 1410-ы заңды тұлғалардан болған. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% аз (6547), деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштерді талдау аймақ тұрғындарын қызықтыратын өзекті мәселелер мен сұрақтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Жер учаскелерін беру және жер дауы бойынша 462, әлеуметтік сала бойынша (негізінен тұрғын үй беру, жәрдемақы төлеу, материалдық көмек көрсету, проблемалы несиелерді қайта қаржыландыру, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау) 318 проблемалық мәселелер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтауға қатысты 169 өтініш келіп түскен. Сондай-ақ, карантиндік режим жағдайында Атырау облысына кіруге және шығуға рұқсат алу мәселелері бар.

Келіп түскен барлық өтініштің 560-ы оң шешімін тапты. Оның ішінде жер мәселелері бойынша – 145, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша – 137, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша – 12, коронавирусқа қарсы іс-шаралар бойынша - 23, азаматтық хал актілерін тіркеу, денсаулық сақтау бойынша – 26, ауыл шаруашылығы бойынша – 7, білім бойынша – 20, құрылыс саласы бойынша – 25, еңбек қатынастары бойынша – 72, басқа мәселелер бойынша – 14 өтініш бар. Қолданыстағы заңнама шеңберінде 5 794 өтінішке түсініктеме берілді» деп хабарланған облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, облыстың барлық деңгейіндегі әкімдердің 398 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдағаны, нәтижесінде 68 адамның мәселелері оң шешімін тапқаны, 330 адамға заңнама шеңберінде түсініктемелер берілгендігі туралы хабарланды.

Соңғы жаңалықтар