Атырау облысының тұрғындары аптап ыстық болатыны туралы ескертілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының тұрғындарына күннің қатты ыситыны туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірдің ТЖ департаменті Атырау облысы тұрғындарына 19 тамызда күннің қатты ыситыны туралы ескертті. Облыстың кейбір аудандарында ауа райының 39 градустан жоғары көтерілуі Батыс Қазақстан арқылы келетін ыстық циклонмен байланысты болып тұр.

Еске сала кетейік, Атырауда тамыздың басында өткен ыстықтан кейін температура түсіп, жаңбыр жауған еді.

Нәтижесінде тамыз айында Атырауда жеміс ағаштары гүлдеді.

Соңғы жаңалықтар