Атырау облысының теміржолшылары жалған диплом пайдаланған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың көлік прокуратурасы теміржол саласы жұмысшыларының жалған диплом пайдалануының 18 фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының ресми сайты.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, теміржол саласының бірқатар қызметкерлері жұмысқа орналасу және қызметтен ауысу кезінде Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітіргені туралы жалған құжаттарды пайдаланған.

Олардың арасында тасымалдау процесін ұйымдастыруға және теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бөлім басшылары да бар.

Кейбіреулері теміржол локомотивін басқарған, желіні жөндеген, күрделі жөндеуден өткен жылжымалы құрамдарды қабылдап отырған.

«Жалған диплом пайдаланған тұлғалардың қызметтері төмендетіліп, өзге жұмыстарға ауыстырылды»,-делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Осыған дейін Қостанай тұрғынының жалған дипломды пайдаланып әкім болуға ұмтылғандығы туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар