Атырау облысының соттарында бір жылда 11 мыңнан астам әкімшілік іс қаралды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының соттарында бір жылда 11 мыңнан астам әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 11 842 адам істі болған.

«Былтыр соттарда 696 (54%) әкімшілік істі қарау кезінде медиация тәртібі қолданылды. «Түнгі сотта» 896 іс қаралды. Ал, 1 406 адамға қатысты 1 112 қылмыстық іс қаралып, 1 077 тұлғаға қатысты 877 іс үкім шығарумен аяқталды. Сот үкімімен 21 адам ақталып, 1 056 адам сотталды. Оның ішінде 400 адам бас бостандығынан айырылды», -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 11 182 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 6 187 іс бойынша шешім шығарылған. Татуластыру тәртібімен 1 770 іс аяқталған.

Еске сала кетелі, бұдан бұрын Атырауда облыс әкімі орынбасарының жемқорлық ісі сотта қаралып жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар