Атырау облысының соттарына жаңа төрағалар тағайындалды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының соттарына жаңа төрағалар тағайындалды. Облыстық соттың екі судьясы қызметке кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Президент Жарлығымен Атырау қаласының №2 сотының төрағасы қызметіне Бахытгүл Дюсебалиева тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы болған еді.

«Бахытгүл Сағынқызы 1978 жылы туған. Еңбек жолын Д.Қонаев атындағы гуманитарлық институтының оқытушысы болып бастаған. Кейін «Ұлар Үміт» зейнетақы қорында, Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында бас маман болған. 2009 жылы Атырау қаласының №2 сотының судьясы қызметіне тағайындалған. 2018 жылдан бері Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы лауазымында жұмыс істеді», -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ал, Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып Жанат Хабаров тағайындалған. Ол осы тағайындауға дейін Индер аудандық сотының төрағасы болған.

«Жанат Саматұлы 1985 жылы туған. Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан Дизайнерлер Одағы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының заңгері болып бастаған. 2005 жылы Қызылорда облыстық сотының сот мәжілісінің хатшысы болып ауысқан. 2010 жылдан Қызылорда облыстық сотында және Астана қалалық сотында пристав, аға сот приставы, бас маман болып жұмыс істеген. 2014 жылы Атырау қаласының әкімшілік сотының судьясы лауазымына тағайындалды. 2019 жылдан бері Атырау облысы Индер аудандық сотының төрағасы қызметін атқарды», -деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Атырау қаласындағы №2 соттың төрағасы болған Мирамбек Нағашыбаев пен Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымын атқарған Айгүл Тәшенова облыстық соттың судьясы қызметіне кірісті.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облыстық энергетика басқармасына жаңа басшы тағайындалған болатын.


Фото: Атырау облыстық соты



Соңғы жаңалықтар