+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырау облысының шалғай ауылдарында интернет жылдамдығы тексерілуде

2020 жылғы 12 шілде 07:13
Бөлісіңіз:
Атырау облысының шалғай ауылдарында интернет жылдамдығы тексерілуде

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында жаңа оқу жылында 131 мыңнан астам оқушы мектепке барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың мәлім етуінше, биылғы 1 қыркүйекке тиісті дайындық шаралары басталып кеткен.

«Өңір мектептеріндегі компьютерлердің жиынтығы, шалғай аудандардағы интернеттің жылдамдығы сарапқа салынып жатыр. Қазіргі ахуалға сай жаңа талаптар да енгізілу үстінде. Бұған дейін облыс мектептерінде 129 мыңнан астам оқушы болған еді. Енді жаңа оқу жылында 131 мыңнан аса оқушы мектепке барады», - деді Бақытгүл Хаменова.


Айта кетейік, 10 шілде күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бұл, халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды. Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады», - деген болатын Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, Қ. Тоқаев мектептер балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы төтенше жағдай кезінде іске жарағанын айтты.

«Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Министрліктің бұл оқиғаға дайындығына күмәнім бар. Балалар қалай оқиды – мектепте немесе қашықта? Мұғалімдердің жаңа оқу жылына дайындығы қандай?», - деп сұрақ қойды Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT