Атырау облысының Ресеймен шекарадағы ауданында снарядтың қалдығы табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданында снарядтың қалдығы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 тамызда сағат 12:45-те снаряд табылған.

«Құрманғазы ауданындағы «Сазды» шекара заставасынан 103 шақырым қашықта зымырандық қозғалтқышы бар авиациялық снарядтың бөліктері табылды. Арнайы мамандар Ресей Федерациясының «Капустин ЯР», «Акшулук» сынақ полигондарына іргелес аумақтағы оқиға орнында тексеру жүргізді. Қазір авиациялық снарядтың бөліктері табылған аумақта күзет күшейтілді. Бөгде адамдардың жақындауына тыйым салынды. Зардап шеккендер жоқ» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар