Атырау облысының өнеркәсіп саласында 28 мың адам жұмыс істейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының өнеркәсіп саласында 28 мыңнан астам адам жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы бес жылда өңірдің өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Мәселен, биылғы қаңтарда өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар 661,5 миллиардқа жуық теңгенің өнімін өндірді. Мұның ішінде тау-кен өндірісінде өндірілген өнімнің құны 601,9 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ, 51,5 миллиард теңгенің өнімі өңдеу саласына тиесілі болып отыр.

Мұнайлы өңір өнеркәсібінде тіркелген 737 кәсіпорында 28 мыңнан астам адам жұмысқа тартылған.


Соңғы жаңалықтар