Атырау облысының мектептеріне 738 353 жаңа оқулық жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының мектептеріне 738 353 жаңа оқулық жеткізілді. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарма басшысының мәліметінше, биыл өңір мектептерінің оқушылары оқулықтармен толығымен қамтамасыз етілген. Қазір жаңа оқулықтарды мектептерге тарату жалғасып жатыр.

«Биыл жаңа оқулықтар сатып алу үшін 19 баспамен 110 келісімшарт жасалған еді. Келісімшартқа сәйкес баспалардан 738 353 дана оқулық сатып алынды. Жаңа басталған оқу жылында атыраулық оқушылар кітаптан еш таршылық көрмейді», - деді басқарма басшысы Сатқан Есенғалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мектептерді оқулықтармен қамтуға 1 млрд 257 млн теңге бөлінген еді.



Соңғы жаңалықтар