Атырау облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы келді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Нұрберген Құсайынов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрберген Мәлікұлы мемлекеттік Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжін газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтауды монтаждау және пайдалану мамандығымен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Орал қаласындағы «Батысгазстрой» ЖШС-де өндірістік техника бөлімінің маманы болып бастаған.

2010-2011 жылдары аралығында «Батысгазстрой» ЖШС-де өндірістік-техника бөлімінің маманы, 2011-2012 жылдары Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде көмекші болған.

2012-2012 жылдары Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, 2012-2017 жылдары Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маманы, 2017-2018 жылдары Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2018-2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы, 2018-2018 жылдары Жылыой ауданы құрылыс бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, 2018-2019 жылдары Жылыой ауданы құрылыс бөлімінің бас маманы болған.

2019-2021 жылдары Жылыой аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, 2021 жылдан бастап бүгінге дейін Атырау облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының білім басқармасына басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.


Фото: gov.kz





Соңғы жаңалықтар