+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Атырау облысының əкімі Грузиядан келген дəрігерлермен кездесті

2020 жылғы 19 қыркүйек 15:24
Бөлісіңіз:
Атырау облысының əкімі Грузиядан келген дəрігерлермен кездесті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының əкімі Грузиядан келген дəрігерлермен кездесті. Делегация құрамында 5 медицина маманы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Махамбет Досмұхамбетов дəрігерлерге ризашылығын білдірді.

«Біздің өтінішімізді қабыл алып, Атырау облысына дəрігерлік кеңес жəне кəсіби көмек беруге келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Біз күрделі кезеңді бастан өткердік. Дəрігерлердің кəсіби шеберлігінің арқасында қиын жағдайды еңсердік. Қазір мамандар болжап отырған пандемияның «екінші толқынына» дайындалып жатырмыз.

Аймақта дəрі-дəрмек қоры жасалды. Қажетті жағдайда керек болатын стационарлардағы кереуеттер санына қатысты мəселе де шешілуде. Коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеу өзге ауруы бар науқастардың ем қабылдауына кедергі келтірмеуі үшін тиісті шаралар атқарылуда. Аймақта 300-ден астам медицина маманы жетіспейді. Олардың қатарында реаниматолог, пульмонолог сынды мамандар бар.


Емдеу жəне кеңес берумен қатар, біздің мамандарымызды қатерлі вируспен нəтижелі күрес үшін дайындауға атсалысады деп сенемін. Біз үшін облыстың «екінші толқынға» максималды түрде дайын болуы маңызды» - деді Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Кездесу барысында дəрігерлердің жатын орын, ас-ауқат жəне транспорттық тасымал мəселелерінің толықтай шешілгені айтылды.

«Атыраулық əріптестерімізге көмек көрсету үшін келгенімізге ризамыз. Өз тарапымыздан іс-тəжірибемізбен бөлісуге дайынбыз жəне жақсы нəтиже көрсетуге тырысамыз»- деді Грузиядан келген дəрігер - реаниматолог Джимшер Ахвледиани.


Еске сала кетелік, қазіргі таңда Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 11 038 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 10 489 адам толықтай сауығып шықты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT