Атырау облысының кәсіпкерлері маска тігіп, тегін таратуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының кәсіпкерлері маска тігіп, тегін таратуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жастар ресурстық» орталығында «Біз біргеміз!» штабы құрылды. Мақсат –төтенше жағдайға байланысты көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсету. Атыраудағы 1800-ден аса волонтердің 120-дан астамы аталған штабқа тіркелді», - деді «Жастар ресурстық» орталығының басшысы Серік Қадыров.

Оның айтуынша, былтыр «Jas project» жобасымен қаржылай қолдау алған 16 жас кәсіпкер медициналық маска тігіп, еріктілердің көмегімен тегін таратуда. Олардың қатарында медициналық масканы өздері дайындайтын Исатай ауданындағы «Мейірім» еріктілер тобы да бар. Сонымен бірге, Жанар Нұрлыбек бастаған еріктілер жалғызбасты қарияларға тегін азық-түлік себетін жеткізуде.

«Атырауда «Іскер ана» жобасы аясында 900-ден астам ана тегін білім алды. Ұлттық оюы бар маска тіккен дизайнер Асыл Дүзбаеваның бастамасын іскер аналар іліп әкетті. Қазір 14 ателье медициналық маска тігуге жұмылды. Меже – күніне 1000 маска тігу. Бұл – үйде отырып, іс тігетін аналарға қосымша жұмыс», - деді Әйгерім Досқалиева.


Соңғы жаңалықтар