Атырау облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы келді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымды облыс әкімінің өкімімен Гүлнұр Сүйеуова атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гүлнұр Жалғасқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің химия және биология пәнінің мұғалімі, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін қаржы мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Индер ауданының Есбол ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1998-1999 жылдары Ақтау қаласында №17 орта мектепте мұғалім, 2000-2001 жылдары Индер ауданында М.Әуезов атындағы орта мектепте мұғалім болған.

2001-2003 жылдар аралығында Индер ауданының Индербор кентінде М.Әуезов атындағы орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2003-2004 жылдары Индер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде уақытша бас маман, 2004-2005 жылдары Индер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде бас маманы, 2005-2008 жылдары Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.

2008-2009 жылдары Индер аудандық ішкі саясат бөлімінде, 2009-2010 жылдар аралығында Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөлім басшысы, 2010-2011 жылдары Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөлім бастығының орынбасары, 2011-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрмен жұмыс және мемлекеттік құқық бөлімінде бөлім меңгерушісі, 2012-2013 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінде бөлім меңгерушісі лауазымын атқарған.

2013-2017 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінде бөлім басшысы, 2017-2021 жылдары аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2021 жылдан осы тағайындауға дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы келгенін хабарлаған болатынбыз.


Фото: gov.kz




Соңғы жаңалықтар