Атырау облысының Исатай ауданында «Ашық әкімдік» ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Исатай ауданында «Ашық әкімдік» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиевтің мәліметінше, мақсат – тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті бір орталыққа шоғырландырып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. Және ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай ашылып отыр.

«Ашық әкімдік» кеңсесінің ғимаратында қабылдау кестесі түзілген. Мұнда ашықтық пен жариялылыққа басымдық беріледі.

«Ашық әкімдік» кеңсесі 7 ауданда ашылалы. Ең басты мақсатымыз – халықпен тікелей диалог орнату. Мұнда 4 мемлекеттік атқарушы органның өкілдері қызмет көрсетеді. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелермен аудандық әкімдікке, басқа да мемлекеттік мекемелерге бармай, осы кеңседен жауап алады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жылыойда «сервистік әкімдік» ашылған еді.

Соңғы жаңалықтар