+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атырау облысының Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды

2021 жылғы 26 шілде 15:00
Бөлісіңіз:
Атырау облысының Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Президент Әкімшілігінің, сондай-ақ аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі қызметіне Салауат Өтеғұлұлы Өтеғұлов тағайындалды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа әкімді аудан активіне таныстырды.

Салауат Өтеғұлов 1984 жылы Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2006 жылы Орал қаласындағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын экономист, 2015 жылы Батыс Қазақстан инжеренерлік-гуманитарлық универститетін заңгер мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасында бас маман болып бастаған.

2007-2019 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, кейіннен аталған басқармада бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болған.

Ал, 2019 жылдың шілдесінен бері Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы келгенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT