Атырау облысының энергетика басқармасы бәсекелестік талаптарын бұзған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік сатып алу кезіндегі әрекеті бәсекелестікті шектеулерге алып келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарманың бәсекелестікке қарсы әрекеттері ҚР «Мемлекеттік сатып-алу туралы» Заңының 39-бабы 3-бөлігі 36-тармақшасын негізсіз қолдану арқылы 2020 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-мен облыс аумағындағы газ тарату құбырлары мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсету бойынша бір көзден тікелей шарт жасақтау кезінде орын алды.

Бұл ретте, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, магистралдық газ құбырлары бойынша ұлттық оператор ретінде анықталған, ал газ тарату құбырлары арқылы қызметтерді жүзеге асыру бәсекелі орта болып табылады.

Кодекстің 199-бабымен көзделген тәртіпте, Басқарманың мекен-жайына әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарылды және Хабарлама алынған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.


Соңғы жаңалықтар