Атырау облысының экологтары 5,1 млрд теңгені өндірді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының экологтары биылғы 9 айда қоршаған ортаға келтірілген залалға байланысты 5,1 млрд-тан астам теңге өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары - бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Сырым Тілегеновтің мәліметінше, биылғы 9 айда жалпы сомасы 810 миллион 57 мың теңгеге мөлшерінде қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы 42 нұсқама берілген.

«Оның ішінде бүгінге дейін 35 нұсқамаға сәйкес 78 миллион 592 мың теңге мемлекет пайдасына өндіріліп алынды. Ерікті төлем мерзімінің аяқталуына байланысты «Теңізшевройл» ЖШС, «Атырау Су Арнасы» КМК және «АК Холдинг Құрылыс компаниясы» ЖШС-не қатысты 729 миллион 445 мың теңге сомасындағы залалды өтеу туралы 5 нұсқама сотқа жолданды. Бұл нұсқамаларға қатысты іс сотта қаралуда», - дейді Сырым Тілегенов.

Оның айтуынша, 2 млн 19 мың теңгені құрайтын 2 нұсқаманың өтеу мерзімі әлі өтпеген.

«Былтырғы жылы қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеуге байланысты жалпы сомасы 5 миллиард 91 миллион 44 мың теңгені құраған 12 нұсқама берілген еді. Биыл аталған сома толығымен өтелді. Осылайша, биылғы 9 айда мемлекет кірісіне 5 миллиард 169 миллион 636 мың теңге өндірілді», - дейді Сырым Тілегенов.


Соңғы жаңалықтар