Атырау облысының Доссор кентінде жеке тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Доссор кентінде жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өрт бүгін, 18 желтоқсанда болған.

«Департаменттің кезекші бөліміне сағат 11:10 кезінде Доссор кентінің Исанов көшесінде орналасқан жеке үй өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үйдің төбе жабындысының және ішкі бөлмелерінің жанып жатқанын анықтады. Өрт сағат 12:49-да оқшауланып, сағат 13:56-да сөндірілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге №8 өрт сөндіру бөлімі мен «Семсер өрт сөндіруші» мекемесінен 8 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық үш қорғаушы жігіт «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар