Атырау облысының бұрынғы әкіміне қатысты сот отырысы өтеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау қаласында облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оған қарсы қозғалған қылмыстық істің басқа да қатысушыларына қатысты сот отырысы басталады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18 қазан күні сағат 09:30-да Атырау облысының бұрынғы әкімі Б.Рысқалиев пен ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша (ескі редакцияда) айыпталып отырған 8 сотталушыға қатысты басты сот қарауы болып өтеді. Қылмыстық іс 754 томнан тұрады. 2018 жылдың 3 қазанында бұл іс бойынша алдын ала тыңдау өткен. Сотталушылардың оған келмеуіне байланысты, іс сырттай тәртіпте қарастырылады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, сотқа келмеген сотталушыларға ҚПК 67-бабына сәйкес қорғаушылар С. Жүнісбеков, Г. Назарбек, А. Есбосын, А. Қосымбаев тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар