Атырау облысының бірқатар ауданын еріген қар суы басқан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 26 ақпан күні сағат 16.20-дан бастап Индер ауданы Индербор кентінің Астана көшесі бойында тереңдігі 30 см-ге жететін еріген қар суын сорғыту жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Онда жариялнаған ақпаратқа қарағанда, су сорғыту жұмыстары Төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық әкімшілік қызметкерлерінің күшімен сағат 20.45-ке дейін жүргізілді.

Барлығы 110м3 су сорылды. Жарсуат ауылының Ж. Қазиев көшесі бойына жиналған 25-30см болатын еріген қар суын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары үргізілді. Бұл жұмыстарға аудандық әкімшілік қызметкерлері тартылды. Жұмыс сағат 20.45-ке дейін жүргізілді. Барлығы 78 м3 су сорылды.

«Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2 қызметкері және 1 бірлік техникасы, Жергілікті атқарушы органның 11 қызметкері және 3 мотопомпа жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар