Атырау облысының бас санитарлық дәрігері тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Мәдениет Танауов Атырау облыстық Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы-Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысына жаңа Бас санитарлық дәрігер 2020 жылдың 25 қарашасында ғана тағайындалған болатын. Бұл қызмет Амантай Жұмағалиевке жүктелген еді.

Мәдениет Танауов 1971 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ Ұлттық медицина университетін «гигиенист-эпидемиолог дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық дезинфекциялық станциясының дәрігер-эпидемиологі болып бастады. 1999- 2016 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасында коммуналдық гигиена бөлімінің санитарлық дәрігері, бөлім меңгерушісі, Зеленов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері қызметтерін атқарды.

2016 жылдың шілде айынан 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін Орал қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымында болды.




Соңғы жаңалықтар