Атырау облысының бас санитарлық дәрігері тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Темірбек Мұсағалиев Атырау облысының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды. Сондай-ақ ол Ұлттық сараптама орталығының Атырау облыстық филилалын қоса басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Темірбек Мұсағалиев Қарағанды медицина институтын бітірген. 1985 жылдан Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер болып жұмыс істеген.

2003 жылдан Атырау қалалық қоғамдық денсаулық қорғау департаментін басқарды. 2018 жылы Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы болып тағайындалған.

Енді ол Ұлттық сараптама орталығы Атырау облыстық филиалының басшысы қызметін қоса атқарады.


Фото: azh.kz
Соңғы жаңалықтар