Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласында 19,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жылда Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласында 22 ірі жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірдің ірі жобаларына салынған инвестиция көлемі 19,8 млрд теңгені құрады. 689 жаңа жұмыс орындары құрылды. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы ішкі жалпы өнімнің көлемі 62,7 млрд теңгені құрады. Соның ішінде мал шаруашылығы бойынша - 35,5 млрд, өсімдік шаруашылығы бойынша 26,4 млрд теңге болды. Ірі қара малының басы облыста 157,2 мыңға, түйе саны 30,7 мыңға жетті»,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс тұрғындарын маусым арасында көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өңірде жалпы көлемі 14 га болатын 43 жылыжай салынды.

Соңғы жаңалықтар