Атырау облысының ауданында жаңа музей ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Жылыой ауданында Тұңғыш Президент күніне орай музей ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Музей ғимаратында екі экспозициялық зал, экспонаттарды қабылдау және өңдеу бөлмесі, көрме залы, қызметтік мамандардың бөлмелері, аудитория, жәдігерлерді сақтайтын және шаруашылық бөлмелері орналасқан. Қазіргі таңда музей қорында 5365 жәдігер сақтауға алынған.
«Өздеріңізге белгілі, ауданды тану ең алдымен, музейден басталады. Музей арқылы ауданның белгілі азаматтарын, аудан тарихын білуге болады және бұл, осы өлкенің тарихи-мәдени мұрасы сақталатын қастерлі орындардың бірі. Жылыой ауданының да өзіндік мақтанышы, қасиетті жерлері мен тарихи орындары, өзгеден өзгеше құндылықтары баршылық.
Соның ішінде, «Қазақстанның киелі картасына» енген Жылыойдағы Ақмешіт рухани-имандылық орталығы, Аралтөбе қорғанының өзі бір тарих. Жылыой – Қарашүңгілден бастау алған Қазақстан мұнайының қарашаңырағы деп мақтанышпен айта аламыз. Осынау рухани мұраны елдің жадында жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымыз бен бай тарихымызды, өңірдің танымал тұлғаларын, өткені мен бүгінгісін насихаттайтын, көпшілікке танытатын осындай асыл қазыналарымыз музейлерде сақталуы тиіс деп білемін«, - деді аудан әкімі Азамат Бекет.
- Пара алған аудан прокуроры 4 жылға сотталды
- Мемқызметшілердің қызметтік куәліктері сәйкестендіру карталарына алмастырылады
- Ақтөбеде өткен шығарма жазу байқауында үндістандық студент жүлде алды
- Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды
-
10 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
-
Жайықта мұз ойығына түсіп кеткен велосипедші құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам