Атырау облысының аудандық сотының атынан жалған парақша ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Исатай аудандық сотының іс-қағаз жүргізу меңгерушісі Ләйла Хайруллина атынан ғаламторда ашылған жалған парақша атыраулық соттарды әбігерге түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Белгісіз біреу Исатай аудандық сотының іс-қағаз жүргізу меңгерушісі Ләйла Хайруллина атынан ғаламторда ағылшынша жалған парақша ашқан. Ол қазақша шындыққа сай емес ақпараттар таратып, Жоғарғы Соттың төрағасы, Бас прокурор, соттардың жұмыстарына қатысты түсініктеме беріп сот жүйесінің беделіне нұқсан келтірген. Парақша анықталғаннан кейін бұл жайында Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментіне хабарланды.
Исатай аудандық ІІБ тергеушісінің қаулысы бойынша ҚР ҚК 274 бабының 2 тармақшасымен «бұқаралық ақпарат құралын пайдалана отырып қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Атырау облыстық соттар әкімшілігінің жетекшісі Гүлжан Жұмағалиева.
Қазір тергеу жүргізілуде. Алайда жалған парақша әзірге бұғатталмаған. Л. Хайруллина жеке парақша ашып онда өз атынан ағылшынша ашылған парақшаның жалған екендігін мәлімдеді.
- Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
- Махамбет Досмұхамбетов «Теңізшевройлдың» жаңа директорын қабылдады
- Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
- Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
-
Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді
-
Электр энергиясын ысырап еткені үшін «Астана АЭК» басшылығы сотталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам