Атырау облысының Астанадағы мəдени күндері аясында ат жарысы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының Астанадағы мəдениет күндері аясында "Қазанат" ипподромында ат жарысы өтеді, - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.

Бəйгеге əр облыстан жəне Астана мен Алматы қалаларынан үш тұлпардан қатысады. Атырау облысы турнир иесі болғандықтан бес сəйгүлікті жарысқа шығарады.

Қатысушылар үш қашықтық бойынша сынға түседі: Жорға бəйге - 5 км, Құнан бəйге - 7 км, Аламан бəйге - 21 км.

Шараның салтанатты ашылуына Атырау делегациясының басшылары, ат спорты бойынша ұлттық құраманың мүшелері,  қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ойындарына қатысушы спортшылар қатысады. Бүркітшілер құстарымен, аңшылар тазы, төбеттерімен келеді. "Номад" театрландырылған көрінісі шараның шырайын ашады.  Көрермендер каскадерлердің өнерін тамашалап, қыз қуу, садақ ату, ат бəйгесі сынды ұлттық жарыстарды көре алады.

Бағдарлама:

18:00  - Ат жарысының салтанатты ашылуы

18:30 - 18:45 - 5 шақырымға Жорға бəйге

18:45 - 19:00 -  7 шақырым Құнан бəйге

19:00 - 19:50  - 21 шақырым Аламан бəйге

20:00 - 20:20 - Жеңімпаздарды марапаттау.

Ат бəйгесінің жүлдегерлерін Атырау облыстық əкімдігі мен ұйымдастыру алқасының сыйлықтары - медальдар, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар күтеді.

Соңғы жаңалықтар