Атырау облысының әкімі Жайық суын тиімді пайдалану туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауыты Жайық суының орнына кәріз тазарту ғимаратынан шыққан судың өңдеп пайдалануы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты технологиялық процеске Жайықтың суын пайдаланады. Бағана айтып кеттім. Біз зауытпен тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Олар кәріз тазарту ғимаратынан шыққан суды тазартып пайдалану жобасын қолға алып жатыр. Зауыт үлкен, бірнеше процесі бар. Олар кез келген суды пайдаланбайды. Өздерінің талаптары бар. Қазір судың сапасын сол талаптарға сәйкестендіріп, үйлесімді болса, зауытқа пайдалануға болады деген өзара алдын ала түсіністік бар. Оның бәрі сәйкес болғанда жұмысты ұйымдастырамыз деп отырмыз», - деді аймақ басшысы.

Аталған шарада Махамбет Досмұхамбетов тәуелсіздік жылдары Атырау облысына 31 трлн теңге инвестиция тартылғанын атады.

тәуелсіздік жылдары облыста 2 200 шақырымнан астам автомобиль жолы салынып, жөнделді. Облыс тұрғындарының табиғи газбен қамтамасыз етілуі 12%-дан 99,7%-ға дейін, орталықтандырылған сумен жабдықтау 35%-дан 99,3%-ға дейін өсті.

Осы кезеңде облыс халқының саны бір жарым есе артып, таяудағы санақтың қорытындысы бойынша 665 мың адамға жетті», - деді әкім.


Соңғы жаңалықтар