USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырау облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

2021 жылғы 1 тамыз 02:18
Бөлісіңіз:
Атырау облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі эпидемиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Сары» аймақтағы Нұр-Сұлтанда желтоқсан мерекелері қалай тойланады Елордада жаңажылдық ертеңгіліктер қалай өтеді – санитар дәрігер түсіндірді Атырауда жыл басынан бері 251 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

Әкімнің мәліметінше, өңірдегі эпидемиялық ахуал күрделенген. Соңғы 4 күнде қауіпті вирустан 24 адам қайтыс болған.

«Эпидемиялық жағдайы күрт нашарлаған қалалар қатарында Атырау да бар. «Аshyq» жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымның қызметі уақытша тоқтатылады. Ойын-сауық, спорттық, отбасылық, садақа және өзге де бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады. Егер жағдай ушықса, қазіргіден де қатаң шешімдер қабылдауға тура келеді» -дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Оның айтуынша, өңірде аса қауіпті «Дельта» штамының таралуы мен карантиндік талаптардың сақталмауынан коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар саны күрт өскен. Мәселен, былтыр осы уақытта орта есеппен 5 830 жағдай тіркелсе, биыл 7 767-ге жетіп отыр. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған 400-ден астам науқас анықталуда. Қазір 1,5 мыңдай адам инфекциялық стационарларда оқшауланған. Оның ішінде 102 жүкті әйел, жас босанған 4 ана мен 18 жасқа дейінгі 13 бала бар. Амбулаториялық ем қабылдап жатқандар саны 4 мыңға жуықтаған. Жансақтау бөлімінде 80 адам ауыр халде жатыр. Оның ішінде 10 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

«Қайтыс болғандарға, ауруханада жатқан жандарға бәріміздің салғырттығымыз себеп болуы мүмкін. Той мен садақаны тоқтатпау, санитарлық талаптарға қатысты қарапайым қағидаларды орындамаудың соңы үлкен өкінішке ұласуда. Олай дейтінім, науқастардың басым көбінің қауіпті инфекцияны той-томалақ, садақа, адам көп жүретін қоғамдық орындар мен ресторан-кафелерден жұқтырғаны анықталды. Бүгін садақа, той өткізген отбасында келесі аптада жаназа шығарылуы әбден мүмкін.

Қазір ауруханалар мен емханаларда да бос орын қалмай барады. Кейбір ауруханаларды инфекциялық стационарға айналдырып жатырмыз. Бірақ, мұның барлығы тұрғындарды жоспарлы емдеуге кесірін тигізеді. Медициналық қызметкерлердің жүктемесі артып, ауыр салмақ түсуде» -деді облыс әкімі.

Махамбет Досмұхамбетов өңірде короновирустың жеңіл түрін жұқтырғандарға жатақханалардан қосымша инфекциялық орындар дайындалғанына тоқталды.

«Бізге әрбір тұрғынның өмірі мен қауіпсіздігі қымбат. Біреудің жауапсыздығы үшін екінші бір адамның өміріне қауіп төнбеуі керек. Коронавирус инфекциясынан құтылатын жалғыз жол – вакцина салдыру. Әртүрлі қауесет таратушылардың ешқайсысы сіздің денсаулығыңызға кепіл бола алмайды. Былтырғы жағдайдан сабақ алдық, тәжірибе жинадық. Ең бастысы – сақтық пен тәртіп керек» -деп түйіндеді атыраулықтарға арнаған үндеуін Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы инфекциялық стационарда 102 жүкті әйел емделіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT