Атырау облысының әкімі шағымдарға уақтылы жауап беруді тапсырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырау облысының әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Мемқызметшілердің әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Жанбаев және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің бастығы Нұрлан Ахметбаев аймақ басшысына есеп берді.null

Е.Жанбаевтың айтуынша, жемқорлықтың алдын алу шараларының бірі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру.

«Цифрландыруды енгізуге ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта мемлекеттік кіріс органдары мемқызметтің 48 түрін ұсынып отыр. 26 қызмет түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар қағаз түрінде ұсынылатын 14 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа  аудару бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Ерлан Жанбаев.

nullӨз кезегінде аймақ басшысы мемлекеттік кіріс органдарының атқарған жұмысына оң баға беріп, өңірде меморгандар мен халық арасында тікелей байланыс орнату бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

null«Елбасының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік органдардың жұртшылықпен кері байланыс орнату жұмысы жүргізілуде және барлық деңгейдегі басшылар азаматтардың жеке қабылдауларын өткізіп келеді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Telegram және ACQ қосымшасы  белсенді жұмыс істеуде.Олардың әрқайсысында 3000-3500 адам тіркелген. Барлық өтініштер жан-жақты қарастырылып, кейін халықпен тікелей байланыс орнатылады»,- деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Атырау облысының әкімі барлық мемлекеттік органдардың басшыларына халықтың шағымдары мен өтініштеріне уақтылы жауап беруді, ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын күн сайын арттыруды тапсырды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар