Атырау облысының әкімі өңірлік жедел штабтың отырысын өткізді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірлік жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкім төтенше жағдай кезіндегі шаралар мен шектеулердің Атырау облысы аумағында тиісті талаптарға сай жүзеге асырылуын мұқият қадағалауды тапсырды. Полиция департаменті мен барлық басқарма басшыларына, сондай-ақ, өзге де құзіретті органдарға нақты тапсырмалар берді.

«Бұл Мемлекет басшысының ерекше бақылауында тұр. Сондықтан, жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарауды талап етемін. Тапсырмалар мүлтіксіз орындалсын» - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар