+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Атырау облысының әкімі мүгедектер өкілін кеңесші қызметіне алды

2020 жылғы 19 ақпан 14:46
Бөлісіңіз:
Атырау облысының әкімі мүгедектер өкілін кеңесші қызметіне алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Мүгедектер әлемі» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Гүлбаршын Нұржігітованы өзіне кеңесші қызметіне алды. Ол бұл шешімін тұрғындар алдында есеп беру кезінде жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің есебіне келген мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің проблемаларын көбірек ортаға салды. Солардың бірі облыс әкіміне мүгедектер өкілін кеңесші етіп алуды ұсынды.

«Ұсыныс өте орынды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына жағдай жасау, қолайлы орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын жақсарту – біздің басты ұстанымымыз. Осы мәселемен айналысып жүрген Гүлбаршын Нұржігітованы білетін боларсыздар. Ол маған кеңесші болуға келісімін берді» -деді тұрғынның сауалына орай облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Жолдасбек Көшербайұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT