+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырау облысының әкімі коронавирус қауіпінің алдын алу дайындығын пысықтады

2020 жылғы 26 наурыз 22:25
Бөлісіңіз:
Атырау облысының әкімі коронавирус қауіпінің алдын алу дайындығын пысықтады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов коронавирус қаупінің алдын алу дайындығына қатысты селекторлық режимде жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттегі провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1102, 17 адам қайтыс болды Қазақстанда өткен тәулікте 929 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Әкім жиында облыста, Атырау қаласы мен аудандарда атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Санитарлық бекеттердің жұмысы, тиісті медициналық дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтардың дайындығын нақтылады. Халық көп жүретін орындарды дезинфекциялаудың тұрақты түрде жалғасатынын айтты.

«Қазір облыста 67 кәсіпкер маска шығаруда. Алайда, бұл әлі де аз. Сондықтан, Атырау қаласында күніне кем дегенде 7000, Жылыой ауданына 3000, өзге аудандарда күніне 1500 маска шығару керек» -деді әкім.

Сондай-ақ, әкім санитарлық бекеттерде өзге өңірлерден келетін азаматтарды мұқият тексеруді, әрбір адамның жеке мәліметін тиянақтауды тапсырды.

«Шекарадан өткен, өзге өңірден келген адамдардың барлығы жіті тексерілуі керек. Қазір облыс бойынша тепловизор құралдары жеткілікті. Сондықтан, қолда бар құралдарды тиімді пайдаланып, жұмысты күшейту керек» - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT