Атырау облысының әкімі ірі компания басшыларына жұмыс орындарын сақтауды тапсырды
2020 жылғы 27 наурыз 04:32

Атырау облысының әкімі ірі компания басшыларына жұмыс орындарын сақтауды тапсырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ірі компания басшыларына жұмыс орындарын сақтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Махамбет Досмұхамбетов аймақтағы ірі компаниялар өкілдерімен кездесті. Жиында екі мәселе қаралды. Олар - жұмыс орнын қысқартпау, «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы.

Әкімнің айтуынша, Президенттің тапсырмасымен Үкімет тарапынан қазіргі кезде кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты қолдау көрсетіліп, тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты әр мекеме басшысы өнім өндірісінің көлемін жоспарға сәйкес жүзеге асырып, жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Ал, компаниялармен арада екіжақты меморандумға қол қойылады. Соған сәйкес компаниялар мұнай бағасының төмендеуі мен елдегі төтенше жағдайға байланысты қызметкерін қысқартпауға міндеттеме алады.

«Кәсіпорындарда тұрақты әлеуметтік ортаны қалыптастыру бірінші басшылардың жеке жауапкершілігінде екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар, баршаңызды жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуге шақырамын. Осы мақсатта әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін біздің тарапымыздан типтік меморандумдар дайындалды», - деді аймақ басшысы.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT