Атырау облысының әкімі ЕО елшілерімен кездесті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақта жүрген Еуропа одағының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Траян Христеа, сондай-ақ Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хуберт Хенри және Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Витаутас Наудужаспен кездесті.

«Бүгінде өңірде голландиялық және литвалық капиталдың үлесі бар 90 кәсіпорын тіркеліп, белсенді жұмыс істеуде. Атырау облысының ЕО елдерімен 2016 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығындағы сауда айналымы 2 млрд астам долларды құраған. Біз алдағы ынтымақтастықтың болашағын жақсы бағалап, ЕО елдерімен диалогты тереңдетуге ниеттіміз», - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Еуропа одағының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Траян Христеа Қазақстан мен Еуропа одағы арасында барлық тараптарға, соның ішінде Атырау облысына пайдасын тигізе алатын қатынастарды дамытудың үлкен әлеуетіне назар аудартты.

Келіссөздердің соңында Нұрлан Ноғаев кездесудің дипломаттарды қыркүйек айында Атырауда өткізу жоспарланып отырған «Atyrau Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумға шақырды.

Соңғы жаңалықтар