Атырау облысының әкімі энергия жүйесін қатаң бақылауға алуды тапсырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов энергиямен қамтамасыз ету жүйесін жүйесін қатаң бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Махамбет Досмұхамбетов бүгін облыстың энергия жүйесінде олқылықтарды болдырмауға қатысты арнайы жиын өткізді. Ол «KEGOC» АҚ компаниясының ахаулдық орталығына барып, жасалып жатқан жұмыстарды көріп шықты. Сосын кеше өз тапсырмасымен құрылған жұмыс тобының есебін тыңдады. Жұмыс тобы құрамына әкімдіктің өкілдері, энергетикалық бақылау мен энергетикалық компаниялардың өкілдері кірген болатын.

Кеше шұғыл түрде қолға алынған жұмыстардың арқасында облыс тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтірілді.
Батыс филиалының энергожүйесінде болған технологиялық ақаулар бұрынғы қабылданған инвестициялық жобаларды жедел түрде жүзеге асыруды қажет етеді.
Аймақ басшысы энергия жүйесінде кінарат болмауды қамтамасыз ету үшін бірқатар тапсырмалар берді.


Еске сала кетейк, 10 қазан күні кешке «KEGOC» АҚ-ның электр желісінің 220 кВ Л-254-Орал-Индер, Л-201-Атырау-Индер және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-ның 2 генераторы уақытша істен шығып, салдарынан «АтырауЖарык» АҚ-ның электр желісін тұтынып отырған — Атырау қаласының сол жақ бөлігі мен аудандардың кей жерлері уақытша электр желісінен ажырап қалған болатын.


Соңғы жаңалықтар