Атырау облысының әкімі дауыс берді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев дауыс беретін учаскесіне жергілікті уақытпен сағат 9.00-де келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының барлық жерінде ҚР Президенті сайлауы жалғасып жатыр. Жергілікті сағат 9.00-де Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында орналасқан өз сайлау учаскесіне аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев келді. Атырау облысының әкімі өңір тұрғындарын мерекемен құттықтап, дұрыс таңдау жасайтындарына сенім білдірді.

"Бүгін еліміз үшін ерекше мәні бар күн. Тұрғындар ертемен сайлау учаскелеріне келіп, таңдауларын жасап жатқандарына қуаныштымын. Барлық сайлаушыларға ортақ бір құндылық бар, біз тыныштық пен келісім салтанат құрған, өз-өзін жетілдіруге барлық жағдай жасалған бейбіт елде өмір сүргіміз келеді. Біз бүгін еліміздің болашағын бірге таңдаймыз",-деді Нұрлан Ноғаев.

null

Соңғы жаңалықтар