Атырау облысының әкімі блокпосттардың жұмысын тексерді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов блокпосттардың жұмысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 наурызда Атырау қаласында карантин, облыс аумағында жүріп-тұруға шектеу шаралары енгізілген болатын. Қалаға кіретін жолдардың 4 бағытына арнайы блокпост қойылған еді. Ал, 2 сәуірден бері блокпосттардан тек рұқсаты бар автокөліктер ғана өткізілуде.

Аймақ басшысы блокпосттардың жұмысымен танысып, мамандармен, транзиттік жүк көліктерінің жүргізушілерімен тілдесті. Мамандардың айтуынша, ешқандай проблема туындамаған. Блокпосттар тиісті режимде жұмыс істеп тұр.

«Мақсат –халықтың денсаулығын сақтау, қаіпті індеттің таралуына жол бермеу. Блокпосттардан азық-түлік, дәрі-дәрмек сынды тауарлардың бөгетсіз өткізілуін қамтамасыз ету қажет» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Атырау қаласының 4 бағытындағы блокпосттардың жұмысын қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарынан – 48 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 56 қызметкері кезекшілік атқаруда. Оларға 12 арнайы автокөлік бөлінген. Сондай-ақ, мұнда денсаулық сақтау басқармасының мамандары да жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар