Атырау облысының әкімі әлеуметтік желілерде парақшаларын ашты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Facebook және Іnstagram желілерінде жеке парақшасын ашты. Әкім бұл туралы өңір тұрғындарына есеп беру кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Facebook-те алғашқы жазбасын да жариялап, бұдан-былай халықпен тікелей байланыста болатынын атап өткен.

«Құрметті Атырау облысының тұрғындары! Facebook және Іnstagram әлеуметтік желісінде жеке парақшамды аштым. Себебі, жаңа медиа сөзсіз, жаңа дәуірдің тиімді байланыс құралының біріне айналды. Тілін білсе, әлеуметке пайдасы көп әлеуметтік желіні біз де игілігімізге жаратуымыз керек. Сондықтан, мұнда жасап жатқан жұмыстарымыз жайлы, облысымыздың тыныс-тіршілігі мен аймақтағы айтулы жаңалықтарды бөлісіп отырамын. Бұл парақшаны сіздермен тікелей байланыс орнату үшін де таптырмас мүмкіндік деп санаймын», - деп жазды Махамбет Досмұхамбетов.


Авторы Жолдасбек Көшербайұлы


Соңғы жаңалықтар