Атырау облысының әкімдігінде вакциналау бекеті ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАпарат - Атырау облысының әкімдігінде вакциналау бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық әкімдіктегі вакциналау бекетінде дәрігерлердің екі көшпелі бригадасы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметкерлерді вакциналау үшін денсаулық сақтау басқармасы 200-ге жуық «Спутник V» вакцинасын бөлген.
Атырау қаласындағы кәсіпорындар мен мекемелерде қызметкерлерді вакцинациялайтын 6 мобильді бригада жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, Атырау облысында 1-3 мамырдағы демалыс күндері вакцина егу бекеттері жұмысын тоқтатпайды.


Соңғы жаңалықтар