Атырау облысының әкімдігі жергілікті орындаушылардың клиптерін түсіруді қаржыландырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жергілікті орындаушылардың қатысуымен түсірілген үш клип көрсетілді. Бұл аймақта түсіріліп, облыс бюджетінен қаржыландырылған алғашқы кәсіби бейнебаяндар.

«Облыстық филармония клиптерге қатысу үшін үздік әншілер мен танымал туындыларды таңдады. Филармонияның солисі Венера Машқалиева «Әгугай домбыра» атты танымал әнді шырқады. Венераның лирикалық орындауы мен барлық шығармашылық топтың сапалы жұмысы біздің табиғатымыздың ерекшелігін таныта білді. «Атырау - алтын орда» атты тағы бір клип «Мұрагер» фольклорлық ансамблінің қатысуымен түсірілді. Бұл ансамбльдің ерекшелігі - фольклорды қазақ музыкасын жастар да қызығып тыңдайтындай ететін заманауи үлгіде түсіндіре білуінде. Үшінші клип ең серпінді болды. Жерлесіміз Шынарбек Хабиевтің «Мұнайлы Астана» әніне түсірілген, оған Ақмарал Мәшімова, Венера Машқалиева, Медет Қарамырза және Хамиль Сүйекбаев қатысты. Олар - көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне филармонияның директоры Ғаділ Дүйсенғалиев.

Соңғы жаңалықтар